«Үркер» байқауына Шерхан Мұртаза атындағы номинация қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Үркер» байқауына Шерхан Мұртаза атындағы номинация қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктердің анықтайтын доданың марапаттау рәсімі онлайн режимінде 13 қарашаға жоспарланған. Байқау талабына сәйкес, жұмыстар басылымда, интернет ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Жеңімпаздарды отандық және шетелдік журналистер анықтайтын болады», делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, биыл дәстүрлі 10 аталымның қатарына «Шерхан Мұртаза атындағы номинация» қосылды.

«Шерхан Мұртаза ағамыздың номинациясында публицистикалық материалдар таңдалады. Ол қазақтың елін, ауылын жақсы көркем тілмен оқырманға жеткізетіндей мақалалар болса деген үміт артамыз», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев.

Еске сала кетсек, «Үркер-2020» ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау 2 қазанда басталды. Биылғы өзгерістерге байланысты «Үркер» сыйлығы күзде өткізіледі. Өтінім 2 қарашаға дейін қабылданады.


Соңғы жаңалықтар