Үш министрлікте «цифрлық орынбасар» тағайындалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика және Ішкі істер министрліктеріне 3 «цифрлық» вице-министрді тағайындау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Заманға сай технологияларды тиімді түрде енгізу мақсатында 2018 жылы Елбасының келісімімен 5 министрлікте цифрлық вице-министрлер тағайындалған еді. Олар: денсаулық сақтау, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері мен салық-кедендік қызмет органы. Сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда цифрландыру кеңселері құрылды», - деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, аталған шаралар бюджет түсімін арттырып, шығыстарды қысқарту тұрғысында 2018 жылы 218 млрд теңге, 2019 жылғы 9 ай ішінде 305 млрд теңге қосымша табыс әкелген.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес қосымша Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика және Ішкі істер министрліктеріне 3 «цифрлық» вице-министрді тағайындау жоспарлануда», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Асқар Мамин мобильдік құрылғы арқылы қолжетімді мемқызметтер тізбесін кеңейтуді тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар