+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Үш өңірдегі өрт: Депутаттар тұрғын үйлерді тексеруді сұрады

2021 жылғы 24 ақпан 13:44
Бөлісіңіз:
Үш өңірдегі өрт: Депутаттар тұрғын үйлерді тексеруді сұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар өткен аптада адам өліміне әкеп соққан Жамбыл, Қызылорда облыстарында және Петропавл қаласында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тас түскен жеріне ауыр» - демекші бұл жағдай бүкіл Қазақстандықтардың қайғысы. Өрт салдарынан жазықсыз нәрестелерінен және азаматтарынан айырылып қалған жақындарына депутаттар атынан қайғырып көңіл айтамыз. Кінәсіз дүниеден өткен балаларымыздың, азаматтарымыздың қауіпсіздігі үшін кім жауапты деген сұрақ баршамызды ойландырады. Осы оқиға тиісті жергілікті атқарушы органдарға үлкен сабақ болу қажет. Қашанғы біздің тұрғындарымыз оттың астында қала беру керек? Ертеңгі күні бұндай жағдайларға тап болмауымызға кім кепіл?», - деді депутат Фахриддин Қаратаев.

Оның айтуынша, болған оқиғалар бойынша түбегейлі шешімді талап ететін мәселелер көп екенін көрсетті.

«Өткен жылдың қыркүйегінде тиісті өкілеттіктермен және кадрлармен қамтамасыз етілген Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды. Алайда, оның атқарған жұмысы әрдайым уақытылы және тиімді бола бермейді.

2020 жылдың 9 айында елімізде тоғыз мыңнан астам өрт болды, 228 адам қаза тапты, жарақат алғандар - 217 адам. Төтенше жағдайлар министрлігі қыс маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатқандығы туралы мәлімдеді. Олардың мәліметтері бойынша, жұмыстардың барлығы аяқталып, кемшіліктерді жою туралы нұсқаулар берілген. Алайда, орын алып отырған қайғылы оқиғалар істеліп жатқан профилактикалық жұмыстың жеткіліксіз екендігін көрсетті», - деді депутат.

Осы орайда ол Прмеьер-Министр Асқар Маминнен Төтенше жағдайлар министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, көпқабатты үйлерге, әсіресе уақытша баспана мен саяжайларға, басқа да жайлы емес тұрғын үйлерге әрбір нақты жағдайда көмек көрсету тұрғысынан толық жұмыстарды жүргізуді сұрады.

«Жаңатас, Қызылорда және Петропавлдағы оқиғаларыға қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларға ең қатаң шаралар қабылдап және бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімет беруді ұсынамыз. Осындай жағдайлардың алдын алу жөніндегі ахуал ерекше бақылауға алынып, Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, профилактикалық жұмыстарды өрт қауіпсіздігін бақылау және алдын алу шараларды күшейту жөніндегі жүйелі жұмыстарды жүргізуді ұсынамыз», - деді Фахриддин Қаратаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT