Үш сағаттың ішінде Лос-Анджелес маңындағы орманның 4 мың гектары өртеніп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ-тағы Лос-Анджелес қаласының (Калифорния штаты) жанында болған алапат өрт салдарынан кем дегенде төрт мың гектардан астам орман отқа оранды, деп хабарлайды RTE агенттігі.

Лос-Анджелестен небәрі 90 минуттық жерде орналасқан орманда өрт сәрсенбіде түн ортасында тұтанған. Өрт сөндірушілердің сөздеріне қарағанда, үш сағаттың ішінде кемінде төрт мың гектар орман өртеніп кеткен.

Жергілікті билік орындары шамамен 500 үйдің тұрғындарын эвакуациялауға бұйрық берген.

Қазіргі уақытта оқиға орнында 300 астам өрт сөндіруші мен тікұшақтар алапат жалынмен арпалысуда.

Соңғы жаңалықтар