+7 (701) 759 90 19
USD 414.77 EUR 506.81
RUB 5.64 CNY 64.32
Jańalyqtar

«Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожол учаскесі жабық - ТЖМ

2021 жылғы 18 қаңтар 12:11
Бөлісіңіз:
«Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожол учаскесі жабық - ТЖМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 15 қаңтарында сағат 09.00-ден бастап қатты жел тұрып, боран, бұрқасын болып, жолда көру қиындаған соң Алматы облысының Алакөл ауданынында «Үшарал-Достық» (Көктұма а.-Достық а., 84-184 шақырым) республикалық маңызы бар автожол учаскеде автокөліктердің барлық түрі үшін жол жабылды.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да қатты желге байланысты бірнеше жол жабылды Шығыс Қазақстанда тағы бірнеше жолда көлік қозғалысы шектелді Түркістан облысында жеті жылдан бері салынып жатқан жерасты жолы қыркүйекте аяқталады

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, әрі бақылауда. Жол қызметтері жолдарды тазалауда. Автожолда 9 жүк автокөлігі тұр, ал жүргізушілер «Достық» станциясында күтуде.

«Үшарал-Достық» авто және теміржол қатынасы Жоңғар қақпасы деп аталатын учаске арқылы өтеді. Тау өткелінің айта кетерлік ерекшелігі, бұл жерде желдің екпіні секундына 70 метрге дейін жетеді.

Қысқы кезеңнің басынан бастап ауа райының нашарлауына байланысты «Үшарал-Достық» бағытындағы автожол 12 рет жол жабылды. Сондай-ақ автожолдың осы учаскесінде 47 адам құтқарылып, эвакуацияланды және 18 техника қар құрсауынан шығарылды.

«Жалпы, 2020-2021 жылдардағы қыс мезгілінің басынан бері ел тұрғындарына «112» телефон нөмірі бойынша 2 040 СМС-хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 678 хабарлама жіберілді. Елімізде 651 рет ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдар 28 рет жабылып, 34 рет шетеу қойылды»,-деп мәлімдеді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Алайда, осы ескертулерге қарамастан, адамдар жолға шығып, қар құрсауында қалған жағдайлар болды. Осылайша, қар құрсауынан 204 адам, оның ішінде 14 бала құтқарылды. 186 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Құтқарушылар қар құрсауынан 57 автокөлікті шығарды.

Қажет болған жағдайда әкімдіктер қар құрсауында қалған адамдар үшін жылыту пункттерін ұйымдастырылады. Бұдан басқа, қажет болған жағдайда республикалық маңызы бар автожолдарда орналасқан Төтенше жағдайлар министрлігінің 40 трассалық медициналық-құтқару пункті жылыту пункттері ретінде пайдаланылады.

«Қыста көлікпен алыс жолға шықпас бұрын, міндетті түрде ауа райы болжамын қарау қажет.

Егер қатты боран болса, сіз жол кептелісіне түсіп қалуыңыз мүмкін. Тіпті жол-көлік оқиғасына да тап болуыңыз ықтимал.

Егер Сізге қандай да бір елді мекенге шұғыл бару керек болса, межелі жерге кедергісіз жету үшін темір жол көлігін пайдаланыңыз.

Егер Сіз осы қарапайым нұсқауларды орындасаңыз, бұл боран кезінде және бораннан кейін аман қалуға көмектеседі»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT