+7 (701) 759 90 19
USD 421.91 EUR 511.57
RUB 5.59 CNY 65.2
Jańalyqtar

Үстел теннисінен БҚО құрамасы Қазақстан чемпионы атанды

2021 жылғы 13 қаңтар 22:34
Бөлісіңіз:
Үстел теннисінен БҚО құрамасы Қазақстан чемпионы атанды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында үстел теннисінен ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан ел чемпионатында командалық сында жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық спортшы конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде рекордын жаңартты Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қанша гонорар төленді Роман Креч конькимен жүгіруден «В» тобында - үздік үштікте

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Батыс Қазақстанның ерлер командасы финалда қарағандылықтарды жеңіп, чемпион атанды. Шығысқазақстандықтар мен шымкенттіктер үздік үштікке ілікті.

Осылайша ерлер құрамасы облыс тарихында алғаш рет жеңімпаз атанып отыр.

БҚО командасы сапында Айдос Кенжеғұлов, Дастан Кенжеғұлов, Санжар Жұбанов, Дамир Мэлсов және Болат Ниетқалиев өнер көрсетті.

Ал әйелдер арасында командалық бәсекеде қарағандылықтар үздік шықса, батысқазақстандықтар күміс жүлдеге ие болды. Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласының өкілдері үшінші орынды бөлісті.

БҚО намысын Гауһар Әлмағамбетова, Гүлчехра Хусейнова, Алсу Сапарова, Аружан Бекіш және Аружан Ілияс қорғады.

Батысқазақстандықтарды Сарвар Назарова мен Владислав Кузьмин жаттықтырады.

Қазақстан біріншілігі 14 қаңтар күні жекелей сында жалғасып, жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT