Үстіртте алабарыс фототұзаққа түсіп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үстірт табиғи қорығында алабарыс фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үстірт табиғи қорығында фототұзаққа түскен Алдыңғы Азия алабарысының суретімен бөлісті.

«Үстірт табиғи қорығында алабарыс (леопард) фототұзаққа түсіп қалды. Алдыңғы Азия леопарды қорық аумағына көрші Түркіменстаннан келген сияқты. Әлемде популяциясы 870-1,3 мыңнан аспайтын аң Қазақстанда тек Үстіртте ғана кездесіп тұрады. Сондықтан қорықты тиісті күйінде сақтап, оның территориясында және басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда табиғат қорғау шараларын қатаң сақтау өте маңызды», - деп жазды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев желідегі парақшасында .


Қазақстанда алдыңғы Азия алабарысын бақылаумен Үстірт қорығының қызметкерлері мен CADI жобасы аясында Биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы айналысады.

«Қазір мамандар жануарды Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу жөнінде негіздеме дайындап жатыр», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар