+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Үй карантинін сақтамағандарға айыппұл салынатын болды

2020 жылғы 1 тамыз 18:44
Бөлісіңіз:
Үй карантинін сақтамағандарға айыппұл салынатын болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін енгізілген қосымша шектеу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«3 тамыздан бастап Алматыда түнгі 00:00 ден бастап COVID-19 таралуының алдын алу үшін қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Бұл шектеулер ПТР талдауы оң нәтиже көрсеткен симптомсыз науқастарға қатысты болмақ», - деді әкімдіктен.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, азаматтардың көпшілігі үй карантині талаптарын бұзады.

«Вирусты тасымалдап жүрген симптомсыз адамдар өте қауіпті. Гепатит А вирус да жақсы білеміз. Симптомсыз науқас 20 адамға дейін жұқтыра алады. Бұл көп жағдайда туған-туыс, көрші-қолаңға инфекцияның таралуына әкеледі. Сол үшін осы шектеуді енгізуге тура келді», - деді Ж.Бекшин.

Сонымен қатар, бұл заңбұзушылықтар үшін азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Қала тұрғындарына төнген қауіпті сейілту үшін ПТР талдауы оң, симптомсыз науқастардың жүріс тұрысы қадағаланатын болады.

Егер адам оқшаулануға мүмкінлігі болмаса +7 (727) 300-05-05, +7 (727) 300-01-03 нөмірлеріне хабарласып, карантин стационарына орналаса алады. Бұл мемлекет қаржысынан төленеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT