Үйінде суррогат алкоголь жасайтын цех ашқан Жітіқара қаласының тұрғыны ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында жеке үйде жұмыс істеген алкоголь жасайтын астыртын цех анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің Қостанай облысындағы Экономикалық тергеу департаменті облыстың сауда орындарында суррогат алкоголь өнімдері сатылуына қатысты тексеру жүргізді.

«Жеке үйде алкоголь өнімін жасайтын астыртын цехтың қызметін ұйымдастырған Жітіқара қаласының тұрғыны әйел адам ұсталды. Цехты тексеру барысында спирт қосылған сұйық, өнімді құюға арналған жабдықтар, түрлі ыдыстар, сондай-ақ, заңсыз кәсіпкерлік қызметте қолданылған материалдар анықталды», делінген хабарламада.

Жітіқара аудандық сотының өкімімен заңсыз цехтың иесі әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылып, айыппұл салынды. Спирт қосылған барлық сұйықтық тәркіленді.


Соңғы жаңалықтар