Үйлену тойын өткізген тағы бір маңғыстаулық шенеунікке 83 мың теңге айыпппұл салынды

None
None
АҚТАУ.ҚазАқпарат - Маңғыстауда үйлену тойын өткізген шенеунікке айыппұл салынды. Бұл жолы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Жандос Сәлімов карантин тәртібін бұзған. Дүбірлі тойдың видеосы Михаил Козачковтың Telegram каналындағы парақшада жарияланды.

Автор «Маңғыстаулық тұрғынды қалай әсерлі етіп үйінен ұзатып жатқанын қараңыздаршы. Карантин уақытында көпшілікті жинап, той өткізген Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Жандос Сәлімов», - деп көрсеткен.

Ал, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың хабарлауынша, ведомство қызметкерлері мен полицейлер тәртіпке бағынбағандарды анықтаған.


«Тойды ұйымдастарушылар мен мейрамхана иесі анықталды. Көпшілік жиналған шараны өткізу фактісі бойынша мемлееттік қызметшіге Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 425 бабының 1 бөлігімен 30 АЕК (83 мың теңге) айыппұл салынды. Осы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік Департаментіне және ҚР Экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне тәртіптік шара қолдану жөнінде ресми хат жолданды», - деді Е.Байтанаев.

Ал, той өткізген мейрамхана иесіне қатысты да хаттама толтырылып, 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтауда тығылып той жасағандардың видеосы әлеуметтік желіге тарап кеткен еді.

Сондай-ақ, Маңғыстауда туған күнін дүркіретіп тойлаған басқарма басшысы жазалағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар