Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінде Қазақстан халықаралық 3 келісімнің қабылдануын құптады

None
None
ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат – Душанбе қаласында өтіп жатқан ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Қазақстан халықаралық үш келісімнің қабылдануын құптады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Отырыс барысында Қазақстан халықаралық үш келісімнің қабылдануын құптады. Атап айтқанда, юрисдикция және құқықтық көмек көрсету мәселелері, ҰҚШҰ әскерлерін материалдық-техникалық қолдау және медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету туралы, сондай-ақ Бітімгерлік қызмет туралы келісім Хаттамасы.

«Бұл құжаттардың мәні зор, олар жан-жақты пысықталып, онда тараптардың ұстанымдары ескерілді. Аталға құжаттарға қол қойылуын құптаймыз. Желтоқсан сессиясында айтылған ұсынысымды іске асыруда Бас хатшының бітімгерлік жөніндегі арнаулы өкілі туралы шешімді қабылдаймыз. Қолдағандары үшін барша әріптестеріме алғысымды білдіремін. Осындай институттың құрылуы Ұйымның жұмысына тың серпін беретініне сенімдімін», – деді Мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты.



Соңғы жаңалықтар