Вьетнамға сұрапыл дауыл жақындап қалды, 500 мың адам эвакуацияланбақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вьетнам билігі жақындап қалған «Ноул» тропиктік дауылына байланысты 500 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге шығаруға дайындалуда. «Ноул» - жылдамдығы 120 м/с дейін жететін, тайфун күшіне ие дауыл, деп хабарлайды ҚазАқпарат вьетнамдық VnExpress International басылымына сілтеме жасап.

Вьетнам метеорологиялық қызметінің мәліметінше, Филиппиннен батысқа қарай, теңізде қалыптасқан «Ноул» дауылы қазіргі кезде Парасель аралдарына жақындап қалған. Алдағы тәулікте табиғи апаттың Вьетнамның орталық провинциялары – Куангбинь, Тхыатхьен-Хюэ жағалауына, сондай-ақ Дананг қаласына жететіні күтіліп отыр.

Синоптиктер жағалаудағы аудандарда дауыл салдарынан қатты жаңбыр жауып, су тасқыны болатынын, ал тауларда көшкін жүруі мүмкін екенін ескертті.

Вьетнам елінің ұлттық қорғаныс министрлігі апат салдарымен күрес жүргізу үшін ұлттық армияның әскери қызметкерлерін жұмылдырды. Орталық провинциялардың билігі тұрғындарды жаппай эвакуациялауға дайындалуда.


Соңғы жаңалықтар