ВАК ұжымдық иммунитет үшін вакциналанатын халықтың санын ұлғайтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия қжымдық иммунитет үшін вакциналанатын халықтың саны ұлғайту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидахуалды баяндай келіп, кейінгі екі аптада COVID-19 ауруының деңгейі 30%, өлім-жітім 40% төмендегенін атады.

«Жиын қорытындысы бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды», - деп жазды ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында.

Соның ішінде COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакциналауға жататын контингент бұрынғы 9,9 миллин адамнан 11,4 млн адамға дейін ұлғайтылды.

Ресми түсіндірмеде бұл шешім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес келетіні айтылған. Халықаралық стандарт бойынша, COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың 60%-ы екпе алу керек болған.


Соңғы жаңалықтар