Вакцина алғаннан кейін ешқандай кері реакция болмады - 68 жастағы қария

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Осакаров ауданында «Спутник V» вакцинасымен коронавирустық инфекцияға қарсы екпе жүргізілуде. 16 сәуірдегі мәлімет бойынша ауданның егу пункттерінде 845 тұрғын вакцинацияланды.

Егу пункттері емханаларда, фельдшерлік-акушерлік пункттерде және ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда жұмыс істейді. Вакцина алғысы келетіндердің арасында жастар да, қарт адамдар да бар.

«Алғашқы екпелердің бірі медицина қызметкерлеріне жасалды. Covid-19-ға қарсы вакцинациядан өткен адамдарда жағымсыз реакциялар байқалмайды, олардың әл-ауқаты жақсы», - деп атап өтті аудандық аурухананың бас дәрігері Ольга Травнева.

Вакцина алғандардың арасында зейнеткер Виктор Гребенюк те бар. Ол 68 жаста.

«Екпе алу шешімін мен бұрыннан қабылдап қойғанмын. Жалпы, мен жаппай вакциналаудың басталуын күттім. Науқан басталған бетте бірінші күні жазылдым. Вакцина алғаннан кейін мен ешқандай кері реакция байқалмады, өзімді жақсы сезінемін. Коронавирусқа қарсы екпе алуға саналы түрде келдім. Менің ойымша, барлық жұрт вакцинациялануы керек, өйткені инфекция өте ауыр. Осылайша біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырамыз, соның арқасында біз жаңа індеттерден және жағдайлардың көбеюінен аулақ боламыз», - дейді Виктор Гребенюк.


Соңғы жаңалықтар