Вакцинация: Қазақстан ТМД елдерінің арасында көш бастап тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халықты COVID-19-ға қарсы вакциналау көрсеткіші бойынша ТМД елдерінің арасныда көш бастап тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осындай дерек келтірді.

«Бүгінгі таңда қызыл аймақта 2 өңір (Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары) қалды.

5 өңір – сары аймақта (Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Атырау және Нұр-Сұлтан қаласы).

Қазақстан Республикасы және қалған 10 өңір жасыл аймақта орналасқан. Аурушаңдықтың репродуктивтілік саны - 0,96», - деген ведомство басшысы елімізде кейінгі екі айда сырқаттану 3,8 есе, ал өлім-жітім 2,4 есе төмендегенін атады.

Айтуынша, 1 тамыздан бері республика көлемінде инфекциялық төсектердің жүктелімі 56-дан 30%-ға дейін, реанимациялық төсектердің 45-тен 27%-ға дейін төмендеген. Ем алушылар саны бойынша да оң динамика бар. Соңғы үш айда науқастар саны 2,6 есе – 90 767-ден 34 068 науқасқа дейін азайған.

«Халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бірінші компонентпен 8,5 миллионнан астам адам екпе алды. Бұл тиісті ересек халықтың 75,1%- немесе жалпы халықтың 45,3%-ы деген сөз. Екінші компонентті 7,8 млн адам, яғни тиісті халықтың 68,8%-ы немесе жалпы халықтың 41,5%-ы қабылдады.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жүргізілетін 207 елдің әлемдік рейтингі сінде Қазақстан халықты КВИ-ге қарсы екі дозамен қамту бойынша 104-орында. ТМД елдері арасында Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша көш бастап тұр», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар