+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Вакцинацияда вирустық антигендер қанға енгізіліп, иммундық жүйеге тікелей әсер етеді - эпидемиолог

2021 жылғы 26 ақпан 17:31
Бөлісіңіз:
Вакцинацияда вирустық антигендер қанға енгізіліп, иммундық жүйеге тікелей әсер етеді - эпидемиолог

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өткен бір тәулікте 110 адамнан COVID-19 дерті анықталған болаты. Айта кетерлігі, КВИ-ге қарсы вакциналау 1 ақпанда басталды.

Ұқсас жаңалықтар
Қарулы Күштерде 12 мыңнан астам адам короновирусқа қарсы вакциналанды Коронавирус: Нұр-Сұлтанда жаппай вакцинация қарқын алып келеді Вакцина алғаннан кейін ешқандай кері реакция болмады - 68 жастағы қария

COVID-19 індетіне вакцинациялаудың тиімділігі, электронды паспорт және вакцинадан кейінгі иммунитет туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, эпидемиолог Әсел Қалықова айтып берді.

— Бүгінде Алматы «Жасыл» аймақтан «сары» аймаққа өту қаупі бар. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына не себеп? Бұл індеттен сақтану жолдары қандай?

— Бұған дейін эпидемиологиялық ахуал тұрақты болғанына қарамастан, өкінішке орай қазір Алматы «сары» аймаққа өту қаупі бар. Өткен тәулікте короновирустық инфекцияға ПТР тапсырған 110 адамнан індетті жұқтырғаны анықталды. Инфекцияны жұқтыру құрылымы бойынша 43%-ы қоғамдық орындарға барудың салдарынан болған. Жұқтыру өсімі адамдар көп шоғырланған орындарда болады. Індетке шалдыққандардың жас шамалары 21-30 және 40-49 жас аралығындағылар. Сол себепті адам көп шоғырланған жерлерге бармауға шақырамыз. Сондай-ақ, ауа райының күрт төмендеуі респираторлық инфекциялардың, ЖРВИ, тұмаудың, COVID-19 таралу қаупі бар.

— Алматыда халықты вакцинациялау кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қанша эпидемиолог маманға вакцина егілді? Өзіңіз вакцина алдыңыз ба?

— Ресей Федерациясында өндірілген «Спутник V» вакцинасын қолдана отырып, КВИ-ге қарсы вакциналау 1 ақпанда басталды. Бүгінге дейін 1750 адам вакцина алды. Бұл «қауіп тобына» кіретін барлық адамдар: барлық деңгейдегі және бөлімшелердегі медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер. Алматыда 57 эпидемиологқа вакцина егілді.

Вакцинация процесіне Қарағанды фармацевтикалық кешенінің Гам-КОВИД-Вак вакцинасы да қосылды. Биылғы жылдың екінші тоқсанынан бастап QazCOVID-In препаратын қосу жосрарланып жатыр.

Вакцинациялауға келетін болсақ, 9-ақпанда бөлім басшылары және департамент мамандарымен бірге Медеу ауданының 1- емханасынан вакцинациялаудан өттік. Егу алдында біз вакцина алуға қарсы емес екенімізді білдіріп, ерікті түрде келісімге қол қойдық.

Мен егуден кейін өз бойымнан кері әсер байқамадым. Әріптестердің бұлшық еттері аздап ауырды. Бір қызметкердің кешке ыстығы көтерілген. Бірақ, көп ұзамай басылды. Бұл негізінде қалыпты жағдай. Адам ағзасы кезкелген вакциналарды енгізуге иммунитетті қалыптастырумен жауап береді.

Сондай-ақ иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер вакцинаны енгізген жердегі дене температурасының қысқа мерзімде жоғарылауы, қызару және ісіну сияқты жағымсыз белгілер болуы мүмкін. Вакцинаның екінші компонентін алу үшін 1414 нөмірінен 2 наурызда алуым керек екендігі туралы хабарлама келді.

— Вакцинаны жасау (әзірлеу) процедурасына және оның қауіпсіздігі мен тиімді тұстары туралы айтсаңыз?

— Вакциналар зертханада ондаған жылдар бойы зерттелген технологиялармен жасалды. Әрине, бұл біз үшін жаңа вирус. Біз осы немесе басқа вакцинадан туындаған иммунитетке қалай жауап беретіні туралы теориялық тұрғыдан ғана айта аламыз. Бүгінгі таңда республикадағы егілгендер арасында КВИ-ға қарсы иммундаудан кейін елеулі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Егер «Спутник V» вакцинасы туралы айтсақ, Ұлыбритания ғалымдарының пікірінше вакцинаның тиімділігі шамамен 92% боп отыр. Сонымен қатар, «Спутниктен» кейінгі иммунитет кем дегенде екі жыл мүмкін екендігі дәлелденді. Вакцинаны жасаушылар Covid-19-дың орташа және ауыр кезеңінен 100% қорғайтыны анықтады.

— COVID-19-ға иммунитет тез жоғалады деген пікір бар. Бұл вакцинация пайдасыз дегенді білдіре ме?

—Қазір шындыққа жанаспайтын пікір көп. Ауруға шалдыққан адамда пайда болатын табиғи иммунитетті және вакцинадан кейінгі иммунитетті ажырата білу керек. Табиғи инфекция кезінде вирус тыныс алу жолдары арқылы өтеді. Иммундық жүйенің негізгі мүшелері ішкі ортада. Бұл жағдайда респираторлық инфекциялардың барлық қоздырғыштары бұрыннан қолданып келеді. Ал вакцинация кезінде вирустық антигендер қанға енгізіліп, иммундық жүйеге тікелей ұсынылады. Тіпті әдеттегі тұмауға қарсы вакцинаны алыңыз, мен оны соңғы он жыл сайын қабылдаймын. Пайдасы туралы нақты айта аламын. Мен эпидемиология саласында біраз уақыт жұмыс істедім. Өз бақылауларыммен бөлісе аламын: тұмаумен ауыратындардың арасында вакцинация болған жоқ. Сол сияқты коронавирус жағдайында егер вакцинация патогенмен кездескенде 100% қорғамаса да мұндай пациент вакцина алмаған адамға қарағанда көп артықшылыққа ие болады.

—Электронды вакцинация паспорты туралы көптеген сұрақтар түсуде. Осы туралы түсіндіріп берсеңіз?

— Вакцинацияның электронды паспорты-бұл адамды вакцинациялаудың медициналық тарихы. Қазіргі таңда оның дамуы аяқталу сатысында. Егудің электронды паспорты егу рәсімінен өткеннен кейін тікелей eGovMobile мобильді қосымшасында қолжетімді болады. Электрондық паспортта азамат туралы, ол алған вакцинаның түрі, вакцинация процедурасының кезеңділігі сондай-ақ, вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылау туралы ақпарат болады. Айта кету керек, ВЭП - бұл бұрыннан бар көпжылдық сандық тәжірибенің аналогы. Ол бәрімізге «егу паспорты» ретінде белгілі. Денсаулық сақтау Министрлігі халыққа ыңғайлы болу үшін оны электронды форматқа көшірді.

— Кезең-кезеңімен вакцинациялау жағдайында бет перде тағуды жалғастыру қажет пе? Ол қаншалықты тиімді?

— Барлығы бетперде режимімен басқа да алдын алу шараларын сақтауы тиіс. Тіпті, медициналық емес бетперденің өзі тиімді қорғаныс құралы. Ол қашықтықты азайтады. Сонымен қатар, бетперделер симптомсыз инфекция жағдайында, адамның ауруы туралы білмеген кезде қажет. Симптомсыз тасымалдаушылар мен инфекцияның таралуы бүкіл әлемде COVID-19 таралуына себеп болуы мүмкін екендігі анықталғаннан кейін, ДДСҰ барлығына бетперде киюді ұсынды.

- Сұхбатыңызға рахмет!


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT