Варна қаласы көшелерінің біріне Абайдың өсімі берілмек

None
None
ВАРНА. ҚазАқпарат – Болгарияның Варна қаласы көшелерінің біріне Абайдың өсімі берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ телеграм каналына сілтеме жасап.

«Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің ұсынысымен Варна қаласының Әкімшілігі және Қауымдастық кеңесі (мәслихат) қала көшелерінің бірін қазақтың Ұлы ақыны Абайдың құрметіне атау туралы шешім қабылдады. Оның ресми ашылуын 2021 жылдың басында болгариялық заңнамамен бекітілген тиісті формальдық рәсімдерді аяқтағаннан кейін өткізу жоспарлануда», - делінген министрлік хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар