Вашингтонда болған атыстан бір адам қаза тауып, жиырмасы жараланды

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Жексенбіге қараған түні АҚШ астанасы Вашингтонда атыс болып, 1 адам қаза тауып, жиырмасы жараланды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА The Washington Post басылымына сілтеме жасар хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 00:30-да АҚШ астанасының оңтүстік-шығысындағы адамдар көп жиналатын жерде қаруланған белгісіз адамдар атысқан. Зардап шегушілер атыс барысында жан-жаққа қашқандықтан қылмыс аумағы бірнеше кварталды алып жатыр. Жеті адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

Өткен аптаның жексенбісінде де Вашингтонның солтүстік-батысында орналасқан мейрамхана маңында атыс болып, бір адам қаза тапқан және сегіз адам жараланған. Ол кездегі атыс күндіз болған.

Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, қаланың осы бөлігінде жыл басынан бері 155 адам атылған. Жас ерекшелігі бойынша ең олардың кішісі 11-де болса, ең үлкені 71 жаста болған.

Полицейлердің айтуынша, бәріне кінәлі - заңсыз қару алып жүру және коронавирус індетіне байланысты қандайда бір қылмысқа күдіктілердің бостандыққа жіберілуі.

Соңғы жаңалықтар