Василий Левит француз боксшысын жеңіп, Испаниядағы турнирдің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кастельонда (Испания) бокстан қазақстандықтар да қатысып жатқан халықаралық турнир жалғасуда. Қазақстандық боксшы Василий Левит француз боксшысы Сейди Купемен жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыста 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан Василий Левит шығады. Ширек финалда ол француз боксшысы Сейди Купемен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Левит жартылай финалға шығып, осы турнирде медаль алатындығы айқын болды.

Василий Левит – Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2016), Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017, 2019), Азияның үш дүркін чемпионы (2009, 2015, 2017). Сонымен қатар ол Қазақстан чемпионатында үш рет (2009, 2015, 2017) жеңіске жеткен.


Соңғы жаңалықтар