Венесуэлада ұшақ апатынан 6 адам қаза тапты

None
None
КАРАКАС. ТАСС – ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Венесуэланың Миранда штатында Learjet шағын ұшағы апатқа ұшырап, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Diario 2001 газетінің мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша 15:37 шамасында (Нұр-Сұлтан уақытымен 01:37) ұшақ орманды алқапқа құлаған. Іздеу-құтқару қызметі барлық жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза тапқанын хабарлады. Олардың арасында «Эстудянтес де Мерида» футбол клубының президенті Кристиан Тони де бар. Венесуэла футбол федерациясы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты.

Апаттың себебі анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар