+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Вероника Нұрпейісова: «Ashyq» мобильді қосымшасы - оңтайлы шешім

2021 жылғы 27 ақпан 20:11
Бөлісіңіз:
Вероника Нұрпейісова: «Ashyq» мобильді қосымшасы - оңтайлы шешім

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларында пилоттық жобаға қатысатын кәсіпкерлік нысан иелері App Store және Play Market арқылы «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалануы тиіс. Мақсат – бұқараны КВИ індетінен сақтау. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қоғамдық тамақтану қауымдастығы басқарма төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісованың пікірін білген болатын.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада вакцинация қалай жүріп жатыр Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артуда СҚО-да 29 адам құтырмаға қарсы екпе алды

«Кеше «Ashyq» мобильді қосымшасын қолдануға қатысты кәсіпкерлердің қатысуымен ZOOM жиын өтті. Өз басым бұл бастаманы 100% қолдаймын. Біз үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын іске қосқаны бұл оңтайлы шешім. Мен Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы аясында біраз өңірлерде болдым. Айтарым, бүгінде карантиндік шектеулердің салдарынан көптеген бизнес саласы шығынға батып отыр. Осы орайда билік өкілдерінің тың шешім қабылдап, осы бағдарламаны жүзеге асырып жатқанына қуаныштымыз. Біз бұл шешімді көптен күтіп келеміз», - деді В.Нұрпейісова.

Оның айтуынша, бүгінде елорда және Алматы қаласында аталған әдісті сынақтан өткізу басталып кетті.

«Мобильді қосымша қызметін біз 1 айдан астам қолданып келеміз. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 10, Алматы бойынша 5 және Қарағанды қаласы бойынша 6 қоғамдық тамақтану орны қолданып жатыр. Осы орайда айта кету керек, клиенттер аталған мобильді қосымша қызметін қуана қабылдауда. Себебі, ол алдымен әр адамның өз қауіпсіздігі үшін қажет. Яғни қандай да бір қоғамдық орынға келген кісі, өзімен қоса онда келушілердің жағдайымен таныс болады. Әрине, тексеруден бас тартып жататындар да бар. Басында біз оларды ескертумен кіргіздік, енді арнайы шешім шықты. Демек, біз оған бағынуға міндеттіміз. Осы орайда біз шамамен 10-20 % келушілерді жоғалтатынымыз рас. Себебі, «Ashyq» мобильді қосымшасынан бас тартатындар бар. Дегенмен жұмыс істемей, шығынша батқаннан гөрі, жұмыс істеп табыс тапқанымыз артық. Яғни бізге қойылған талаптарды орындап, жұмыс істеуге әзірміз», - дейді ол.

Айта кетсек, еліміздің үш қаласындағы кәсіпкерлік объектілерде «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша ілкі жоба жоба жүзеге асырыла бастайды. Мұндай құжатқа ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов кеше қол қойған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT