+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Вице-министр Абылайхан Оспанов қызметінен босатылды

2021 жылғы 19 қаңтар 19:20
Бөлісіңіз:
Вице-министр Абылайхан Оспанов қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Абылайхан Есенұлы Оспанов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Абылайхан Оспанов 1986 жылы 16 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Әр жылдары «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабында, түрлі коммерциялық ұйымдарда, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ішкі істер, байланыс және ақпарат, көлік және коммуникациялар, инвестициялар және даму министрліктерінде, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінде, «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының қабылдауында, «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ жұмыс істеді.

2017-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма төрағасы болды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT