Вице-министр Көкшетауда инновациялық технология қолданылатын балабақшада болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Үкіметтік жұмыс тобының мүшесі, ҚР Білім және ғылым вице - министрі Шолпан Каринова Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетаудағы №20 «Zerek» балабақшасында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, балабақша жұмысының басты бағыты –жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы білім мен тәрбие сапасын арттыру.

Вице-министр балаларға компьютерлік сауаттылықты меңгеруге және компьютерлік техникамен қарым-қатынас мәдениетін дамытуға көмектесетін «Alio» сенсорлық дисплейінің жұмысымен танысты.

«Қонақтардың назарына интерактивті құм жәшіктің жұмысы ұсынылды, оның көмегімен кәдімгі көлдер мен таулар, жанартаулар мен аңғарлар жер бетіне айналады, онда балалар географияны, жер құрылымын, қоршаған ортаны, пішіндерді айырып зерделейді, кеңістікте бағдарлауды үйренеді, жады мен логиканы дамытады», - дейді ведомстводан.

Ал робот техника кабинетінде мектеп жасына дейінгі балаларды математика, ғылым, әлеуметтік қатынастар және тілдер әлемімен ойын түрінде таныстыратын жұмыс көрсетілді.

Сонымен қатар қонақтар инновациялық технологияларды, оқыту тапсырмаларын және физикалық белсенділікті біріктіретін жаттығу ойын жүйесі болып табылатын интерактивті өрмелеу қабырғасын көрді. Кішкентай тәрбиеленушілердің демалуына, күйзелісті жеңілдетуіне және босаңсуы үшін сиқырлы орын болып табылатын сенсорлық бөлменің жұмысына назар аударды.

Аслан Оспанов.

Соңғы жаңалықтар