Волейболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қыздары Индонезияны ойсырата ұтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея астанасы Сеулде волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда. Топтық кезеңдегі екінші кездесуде Қазақстан Индонезиядан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, үш партияға созылған кездесуде қазақстандықтар 3:0 (25:19, 25:15, 23:17) есебімен жеңіске жетті. Құрлық додасындағы іріктеу кезеңінде Қазақстан F тобына түсті. Біздің команда қатарында Жапония, Қытай және Индонезия бар.

Топтық кездесуде Қытайға қарсы өткен ойында Қазақстан 0:3 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар