Волонтерлер «АЛЖИР» музейіндегі реставрация жұмысына атсалысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Birgemiz:Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы аясында «АЛЖИР» музейіндегі реставрациялық жұмыстарға волонтерлік көмек көрсеті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының баспасөз хатшысы Серік Бағланның айтуынша, мұндағы негізгі мақсат - мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, тарих, мәдениет ескерткіштері мен мемориалдық кешендерді қалпына келтіру.

«Алжир» музейі еліміздегі маңызды тарихи-мәдени орындардың бірі. Бұл жерде қаншама әжелеріміз, аналарымыз жазықсыз азапталып, көз жұмды. Осындай киелі жерді реставрациялау үшін «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасының 10 волонтері жұмылдырылды. Музей қызметкерлерінің нұсқауымен волонтерлер сол жердегі экспонаттардың шаңдарын сүртіп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар жастар арасында қол еңбегін насихаттауға көмектеседі деп ойлаймын», - дейді «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Сәдуақасова.

«Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасының маңызды бағыттарының бірі - волонтерлерді реставрациялық жұмыстарға жұмылдыру. Бұл волонтерлер жоба аясында оқытудан өткен болатын.

«Мен үшін реставрациялық жұмыстарға атсалысып, елімнің тарихи-мәдени мұраларын қалпына келтіруге үлес қосу үлкен мақтаныш. «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасы арқылы біз бұрын білмеген бірнеше тарихи-мәдени орындармен танысып қана қоймай, оларды қалпына келтіруге де үлесімізді қосып жатырмыз. «АЛЖИР» музейіндегі реставрациялық жұмыстарға қатысқаныма қуаныштымын. Жастарды осындай игі істерге шақырғым келеді», - дейді волонтер Мағжан Сағынтаев.

Алдағы уақытта реставрациялық жұмыстар аяқталғаннан кейін волонтерлер үшін музейге арнайы экскурсия жүргізілмекші.



Соңғы жаңалықтар