Волонтерлер азық-түлік пакеттерін таратуға көмексетуде

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстандық волонтерлер қиын жағдайда қалған адамдар үшін азық-түлік салынған пакеттер жиынтығын дайындауды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық волонтерлер желісінің, республикалық волонтерлер фронт-кеңсесінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Jas Otan» Астана жастарының еріктілері елордадағы «Magnum Cash & Carry» супермаркеттерінің бірінде қиын жағдайда қалған адамдар үшін ең қажетті азық-түлікті пакетін дайындау жұмысын жалғастыруда. Өлшеніп-оралған азық-түлік мұқтаж, жалғыз тұратын, ауыр жағдайда қалған және ерекше қажеттілігі бар адамдарға жеткізіледі. Қазіргі кезде бірігу ерекше маңызды, себебі #BizBirgemiz!», - делінген ҚР волонтерлерінің біріңғай платформасы - qazvolunteer.kz сайтында.


Соңғы жаңалықтар