WhatsApp біржола қара тізімге енгізуді қолға алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - WhatsApp атауы күмәнді топтарға кірген адамдарды бұғаттауды бастады. Олар енді мессенджерді пайдалану үшін басқа нөмірмен қайта тіркелуі керек, деп жазады Business today.

WhatsApp жақында топтарға кіру талаптарын өзгертіп, топқа тіркелу таңдауын пайдаланушының өзіне қалдырған еді. Ал енді мессенджер күмәнді атауға ие топтарға мүше адамдарды өмір бойына бұғаттады.

WhatsApp-тың пайдаланушыларды бұғаттағаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда бола бастады. Олардың барлығы өз аккаунттарының ешқандай алдын ала ақпаратсыз бұғатталып, қайта қалпына келтірілмейтіндей болып қара тізімге енгенін айтып жатыр.

Reddit, Mowe11 есімді пайдаланушы топ атауын қорлайтын сөзге ауыстырғандықтан бандалғанын жазды. Оның айтуынша, топ атауын өзгерткеннен кейін топтағы адамдардың барлығы бұғатталған.

Бұдан өзге де пайдаланушылар жүзден астам адам кірген топтардың атауы бір минутқа ауыстырылса да, топ мүшелерінің қара тізімге енгізілгенін айтып жатыр. Ал WatsApp әзірге бұл жаңалыққа қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады және қандай топ мүшелерінің бұғатталатынын түсіндірмеді.

Соңғы жаңалықтар