WhatsАpp нөміріме күніне 300 хабарлама келеді - Ғали Есқалиев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. Қаз-Ақпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев әлеуметтік желілерге WhatsApp нөмірін жариялаған. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аймақты дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерді есту мақсатында әлеуметтік желілерде WhatsApp нөмірімді жариялаған едім. Жариялаған кезде сұрақтардың 99 пайызы аймақ тұрғындарының жеке басына қатысты болатынын сезгем», - дейді Ғали Есқалиев.

Ол WhatsApp-қа күніне 300 хабарлама келетінін айтты.

«Бастапқыда күніне 250-300 сұрақ келетін болды. Қазіргі уақытта сұрақтар саны азайды. Жедел түрде болмаса да, 2-3 күнде бір рет WhatsApp-қа келген сұрақтарды бір саралап, тиісті органдарға мәселені шешу туралы тапсырма берем», - дейді облыс әкімі.

Сондай-ақ, ол қала, облысты дамытуға қатысты ұсыныстар да келетінін жасырмады.

«Бұл шешім қаншалықты нәтижелі екенін білмеймін, бірақ айтылған ұсыныстардың кейбірі жүзеге асуда. Қала, облыстың дамуы бойынша кәсіпкерлер де ұсыныс айтады», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар