XIX ғасырда шыққан 300-ге жуық құнды кітаптың цифрлы көшірмесі жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – XIX ғасырда жарық көрген 300-ге жуық құнды әдеби жәдігерлердің цифрлы көшірмесін жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылы Қыздар университетінің электронды кітапханасы 20 ғылым саласы бойынша оқу құралдары мен XIX ғасырда жарық көрген 300-ге жуық құнды әдеби жәдігерлердің цифрлы көшірмесін жасады», - дейді оқу орнының баспасөз орталығының басшысы Жандар Асан.

Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шыққан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған кітаптардың электронды нұсқасы да жүктелді.

Кітапхана оқырмандарының кез келген әдебиетті компьютерге немесе мобильді телефонға жүктеп алу мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, оқу орнының электронды кітапхана қорында 10 мыңнан астам әдебиет сақтаулы. Оның ішінде лицензияландырылған таспалар, оқулықтар мен сирек басылымдардың электронды және цифрландырылған нұсқалары бар.

Жалпы алғанда ғылыми кітапханадағы әдебиеттер қоры 1 млн-нан асады.

Басылымдардың 700 мыңға жуығы оқу құралдары болса, 192 мыңнан астамы ғылыми бағыттағы кітаптар. Ал көркем әдебиеттің үлесі 142 мың көлемде.


Соңғы жаңалықтар