Ыстанбұл әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

None
None
ЫСТАНБҰЛ. АНАДОЛЫ - ҚазАқпарат – Ыстанбұл әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Сабихи Гөкчен атындағы әуежайда Измир-Ыстанбұл бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген.

Өрт сөндірушілер ұшақтан шыққан өртті мерзімінде сөндіріп үлгерді.

Түркияның көлік және инфрақұрылым министрінің айтуынша, оқиғадан көз жұмғандар жоқ, бірақ зардап шеккендер бар.

Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарағанда, ұшақ үшке бөлініп кеткен.


Соңғы жаңалықтар