Ыстанбұлда қалың қар жауды – мектептер жабылып, жүздеген рейс кейінге шегерілді

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат – Ыстанбұлда және Түркияның бірқатар өңірлерінде қалың қар жауды. Бұл туралы жұма күні Daily Sabah газеті жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ыстанбұлда жеке және мемлекеттік мектептерде сабақ болмайды, жергілікті тұрғындарға жеке көлік айдаудан бас тартуға кеңес берілді. Аяғы ауыр әйелдер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға демалыс жарияланды.

Демалыс күндері де қар жауады, осыған байланысты Turkish Airlines әуе компаниясы сенбіге жоспарланған 100-ге жуық рейстікейіне шегерді.

Өткен аптада қолайсыз ауа райына байланысты Ыстанбұлда Turkish Airlines пен Pegasus компаниялары 200-ден аса рейсін тоқтатқан еді.

Жергілікті метеорологиялық қызметтердің болжауынша, осы жолы жауатын қар өткен аптаға қарағанда қалың болмақ.


Соңғы жаңалықтар