Ыстанбұлдағы алаңға Абайдың есімі берілді

None
None
ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат – Түркияның Ыстанбұл қаласындағы алаңға Абайдың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Түркиядағы Елшілігіне сілтеме жасап.

«Ұлы қазақ ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Ыстанбұл мәслихатының шешімімен қаладағы қазақ диаспорасы шоғырланған Зейтинбурну ауданындағы алаңдардың біріне ұлы ойшылымыз Абай Құнанбайұлының есімі берілді», делінген Елшіліктің Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Түркияның Эрзурум қаласындағы бульварға және бастауыш мектепке Әл-Фараби есімі берілген еді.


Соңғы жаңалықтар