«Южный» саябағындағы жер учаскесі Алматы меншігіне қайтарылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Южный» саябағы қала меншігіне қайтарылады. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған байланысты Алматы қаласының жер қатынастары басқармасына заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелеріне хабарлау және жер учаскелерінің иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз ету тапсырылды.

«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе басқа жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі іс-шаралар аяқталғаннан кейін, жер учаскелері Алматы қаласы бойынша мемлекеттік активтер басқармасының балансына өтсін. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Б.Әзірбаевқа жүктелсін «, - делінген қаулыда.



Соңғы жаңалықтар