Заң магистрі: Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң - азаматтық қоғам құрудағы маңызды қадам

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы Аксана Каленова «ҚР-да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы қабылданбай жүзеге асырылмайтыны белгілі. Еліміздегі қазіргі қоғамдық-саяси ахуал да осы тұрғыда адам құқығын дұрыс реттеу мәселесін шешуді талап етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң жобасын әзірлеу туралы тапсырмасы дер кезінде орындалды. «ҚР-да бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды Мәжіліс депутаттары қолдап дауыс берді. Заң жобасы шеңберінде саясаткерлер, ғалымдар, журналистер және құқық қорғаушылар арасында қызу пікірталастың болғаны да жасырын емес. Әрине, жаңа Заңды әзірлеу кезінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру құқығының бостандығы мен осы бостандық өлшемі арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажет болды. Бір жағынан, мемлекеттік құрылымдардың бейбіт жиналыстар бостандығын негізсіз шектеуге жол бермейтін, екінші жағынан азаматтардың бейбіт жиналыстар бостандығы құқығын теріс пайдалануына әкеліп соқтырмайтын нақты тетік керек еді», - дейді Аксана Каленова.

Оның айтуынша, Заңды қайта қарау барысында азаматтардың бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін көптеген түзетулер енгізілді. Заң жобасын әзірлеушілер Қазақстанның барлық аймақтарындағы пікірталастарға қатысып, көптің сөзіне құлақ түрді. Ашық диалогқа халықаралық ұйымдардың өкілдері де шақырылған.

«Атқарылған ауқымды жұмыстың нәтижелері – бейбіт жиналыс түрлерінің ара-жігіт ажырату, бейбіт шерулерді өткізу туралы хабарлама рәсімдерін енгізу, митингілерді ұйымдастыру туралы хабарлама беру тәртібін жеңілдету, оны қарау уақытын қысқарту, бейбіт жиналыстарды өткізу үшін өзара жауапкершілікті белгілеу болды. Әлбетте, азаматтық қоғам құру оңай шаруа емес. Осы заң жобасы және оны әрі қарай іске асыру бұл жолдағы маңызды қадамға айналып отыр», - дейді заң магистрі.


Соңғы жаңалықтар