Заңсыз ағаш кескен жағдайда салынатын айыппұлдың мөлшері азаймақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Заңсыз ағаш кескені үшін салынатын айыппұлдардың мөлшері азаймақ. Мәжілісте заңнамаға осындай түзету енгізу ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс депутаттарына Қазақстанның Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейтуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобаларын бірінші оқылымда таныстырған Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев заңсыз ағаш кесудің айыппұл мөлшері өзгеретінін мәлім етті.

«Заңсыз ағаш кесудің тұрақты динамикасын ескере отырып, Заң жобасында мынадай көрсеткішті төмендету ұсынылады. Елеулі залал 100-ден 50 АЕК-ке дейін, ірі залал 1000-нан 500 АЕК-ке дейін азайтылмақ. Ал аса ірі залал көрсеткіші өзгеріссіз қалады және 2000 АЕК-ті құрайды»,- деді Серікқали Брекешев.

Сондай-ақ, ол Қлымыстық кодекстің 324, 325, 326, 328, 329, 330 және 333-баптарындағы «Экологиялық залал» термині «залал» деген ұғыммен ауыстырылғанын атап өтті.

«Өйткені қылмыстық заңнамада құқықтық анықтамасы жоқ. Қоғамдық қауіпті зардаптарды анықтауға қатысты ұғымдар Қылмыстық кодексте «ірі залал және iрi мөлшерде» және «ерекше iрi залал және аса iрi мөлшерде» деп бекітілген», - деді министр

Бұған дейін аталмыш ведомство Ұлттық парктерде 685 шақырымдық туристік маршрут жасалғанын хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар