Зәуреш Ақашева үстел теннисінен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

None
None
ТАЛЛИН. ҚазАқпарат - Эстония астанасы Таллинде үстел теннисінен «Estonian Open» халықаралық турнирі аяқталды. Аталған сында қазақстандық Зәуреш Ақашева екі мәрте жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Зәуреш алдымен польшалық клуб сапында командалық турнирдің ақтық сынына дейін жетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Кейін жекелей сында турнирдің қола жүлдегері атанды.

Айта кетелік, Эстониядағы турнир 28 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтті. Жарысқа 15 мемлекеттен спортшылар қатысты.

Соңғы жаңалықтар