+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Зәуреш Баймолдина Сот төрелігі академиясының ректоры болды

2019 жылғы 9 қазан 21:14
Бөлісіңіз:
Зәуреш Баймолдина Сот төрелігі академиясының ректоры болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева Сот төрелігі академиясының профессор-оқытушылар құрамына жаңа ректорды таныстырды. Заң ғылымдарының кандидаты, профессор Зәуреш Баймолдина ректор болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында бірқатар тағайындаулар болды Қызылордада Табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы тағайындалды 12 дүркін әлем чемпионы Ақтөбеде басқарма басшысы болып тағайындалды

«Зәуреш Хамитқызы ғылыми және академиялық ортада мол тәжірибеге ие, мемлекеттік органдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Ол тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болды», - деді А. Қыдырбаева жаңа ректорды таныстыра келіп.

Ол Академияның Ұлт жоспарының 18-қадамын жүзеге асыруға баса назар аударып отырғанын атап өтті. Оның негізгі міндеті - жаңа формация судьяларын даярлау, сот жүйесін одан әрі дамыту үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. «Жақын арада Академия өз қызметін толығымен қайта құрып, сот жүйесіне сапалы кадрлар даярлау бойынша нақты әрі жүйелі жұмыс жүргізуі керек», - деді А. Қыдырбаева.

Жоғарғы Сот алқасының төрағасы жаңадан тағайындалған ректорды құттықтап, оған сәттілік пен жемісті жұмыс тілеп, Академияның басым міндеттерін атап өтті.

Зәуреш Хамитқызы Баймолдина 1985-1994 жылдары - Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, заң факультеті деканының орынбасары,

1994-1996 жылдары - Әділет министрлігі Экономикалық заңнама бөлімінің бастығы, Заңды тұлғаларды тіркеу басқармасының, Бас басқармасының бастығы,

1996-2005 жылдары - Қазақ мемлекеттік заң институтының кафедра меңгерушісі, кәсіпкерлік және құқық факультетінің деканы, доценті, профессоры,

2005-2006 жылдары - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары,

2006-2008 жылдары - Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері бөлімінің бас сарапшысы, бас инспекторы,

2008-2012 жылдары - Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің инспекторы,

2012-2017 жылдары - Әділет министрінің орынбасары,

2017 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып жұмыс істеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT