Зауытбек Тұрысбеков Alem бағдарламалау мектебінің жұмысымен танысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы (ДҚҚ) төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков осы жылдың 22 қаңтарында жақында ашылған «Alem» бағдарламалау мектебінде болды, деп хабарлайды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы баспасөз қызметі.

Білім ордасы өзге мемлекеттердегі қазақ диаспорасы жастары арасынан жоғары деңгейдегі IT мамандарын тауып, даярлауды көздейді.

Студенттер Зауытбек Тұрысбековке мектеп лекцияларын, баға қою әдісін және басқа да дәстүрлі білім беру элементтерін мұғалімсіз бағдарламалауды қалай үйрену керектігі туралы айтты.

Аlem - Umit Fund коммерциялық емес білім беру қорының және 01 Edu System еуропалық білім беру платформасының жобасы.

«Alem мектебінде білім беру Peer learning принципі бойынша құрылған. Мектеп бағдарламасында геймификация жүйесі белсенді қолданылады - әрбір тапсырма белгілі бір білім мен дағдыны алуға бағытталған. Олар әр студент үшін жеке-жеке реттілікпен келесі деңгейлерден өту үшін қажет»,-дейді жоба жетекшісі Дагар Давлетов.

Сапар барысында айтылғандай, «Alem» бағдарламалау мектебі ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы, Қауымдастықтың төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтарының 2017 жылы өткен құрылтайы кезінде берген тапсырмасына сай ашылды.

Еске сала кетмек, аталған Құрылтайда Елбасы тарапынан шетелдерде түрлі салаларда еңбек етіп, көзге түсіп жүрген белсенді қандастарымыз бен іскер тұлғалардың қаржылық, экономикалық және іскерлік мүмкіндіктерін ел игілігіне жарату тапсырылған-ды.

Айта кететін жәйт, «Alem» бағдарламалау мектебінің идеясын Мальта Республикасының тұрғыны, бизнесмен этникалық қазақ Нұртай Кенжебеков ұсынды. Ол осы жобаның инвесторы болып табылады.

Қауымдастық басшысы тарапынан шетелдердегі қандастарымыздың өкілдерін аталған мектепте оқыту, осы бағытта мектептің ұсынатын мүмкіндіктері турасында біршама әңгіме қозғады. Қандастар арасынан шыққан IT саласына бейім жастарды мектепке тарту жағы пысықталды.



Соңғы жаңалықтар