Зайсандағы газды экспорттау мәселесі туралы арнайы комиссия құрылады – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Зайсандағы газды Қытайға экспорттауды тоқтату мәселесіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 мамыр күні «Тарбағатай Мұнай» компаниясына шетелге газ экспорттауға тыйым салынуы мүмкін екені хабарланған еді.

«Кеше ғана тұрғындармен кездесу өтті. Оған менің орынбасарым қатысты. Әкімнің орынбасары болды. Жергілікті тұрғындармен бірігіп, комиссия құратын болдық. Егер олар экспортқа келісетін болса – жалғастырамыз», - деді министр Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта «Сарыбұлақ» кен орнында газдың 300-400 млн текше метрі қалған. Ал Зайсан ауданының жылдық тұтыну көлемі – 20-25 млн текше метр.

«Сондықтан санасақ, Зайсанның 10-12 жылға жететін газы бар. Бірақ ол да шектеулі. Ертең газ таусылғаннан кейін не істейміз деген мәселе көтеріледі. Әрине, оған уақыт керек. Егер жергілікті әкімдік қалған шектеулі газ мөлшерімен айналадағы аумақтың бәрін газға қоса беретін болса, онда газ 11 жылға емес, 5 жылға да жетпеуі мүмкін. Газ экспортын Қытайға уақытша тоқтаттық. Кеше кездесу барысында комиссия құру керектігіне көзіміз жетті. Министрлік өкілдірімен қатар ол комиссияға жергілікті тұрғындар да кіреді. Егер олар экспортты тоқтату керек десе, онда біз тоқататамыз», - деді Б. Ақшолақов.


Соңғы жаңалықтар