+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

2021 жылғы 25 ақпан 10:24
Бөлісіңіз:
Зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –25 ақпаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы жинағын емделуге пайдалану үшін өтінім қабылдау басталды.

Ұқсас жаңалықтар
1 мамырдан бастап ерікті зейнетақы жарнасын есепке алу үшін шот автоматты түрде ашылады

Өтінімді enpf-otbasy.kz сайтында беруге болады.

Біржолғы зейнетақы жинағын келесі медициналық қызметтерге пайдалануға болады:

- дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, орфандық сырқаттарды емдеу. Сондай-ақ емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық зерттеу;

- Қазақстан Репсубликасының аумағында орналасқан медицина мекемелері көрсететін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация);

- операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық);

- радионуклидтік және радиойодтерапия;

- радиохирургиялық емдеу;

- протон терапиясы;

- офтальмологиялық қызметтер.

25 ақпан күні емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға өтініш беруге арналған портал іске қосылатыны бұған дейін хабарланған болатын. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тізімін 15 ақпанда бекітті. Бірақ қоғам талқысынан кейін зейнетақы жинағын қолдануға болатын қызметтер түрі толықтырылуы мүмкін екендігі айтылды.

Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT