Зейнетақы жинағын пайдалану: Жаңа «жеткіліктілік шегі» нақтыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылдан бастап Қазақстан азаматтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алады. Осы орайда қордағы қаржыны мерзімінен бұрын мақсатты пайдалануға қатысты ел халқына биылға арналған «жеткіліктілік шектің» кестесін жариялады.

Еске салсақ, 2020 жылдың қыркүйек айында аталған «жеткіліктілік шектің» алдын ала жобасы таратылған еді.

Бүгін жарияланған кестеде қаржы сомасына қатысты біршама өзгеріс бар екендігі байқалып отыр.

Мақсатты пайдалану үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты және зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы деректерді мынадай тәсілдермен алуға болады:

1. БЖЗҚ сайты және салымшының Жеке кабинеті арқылы. Ол үшін ЖСН мен құпиясөзді енгізу қажет, немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек.

Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін қосымша cabinet.enpf.kz/porog туралы ақпарат таратылған, яғни онда зейнетақы шотындағы қалдық, шекті сома, алуға болатын сома қамтылады. Бұл ақпаратты алу үшін тек ЭСҚ кілтімен қол қою керек. ЭСҚ-ны Ұлттық сертификаттау орталығының сайтында алуға болады.

2. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат egov.kz сайтында және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Ол үшін пайдаланушыларға электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

Egov.kz сайтының бас мәзірінде «Әлеуметтік қамсыздандыру», одан әрі «Зейнетақымен қамсыздандыру» қосымша бетіне өтіңіз, одан кейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қосымша парақшасы арқылы немесе сілтеме бойынша өтіп білуге болады.

eGov mobile мобильді қосымшасының «Қызметтер», одан әрі «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміне өтіңіз, содан кейін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат» қосымша бетіне өту арқылы.

3. Мақсатты пайдалануға қолжетімді сома туралы мәліметтерді @enpf телеграм-бот көмегімен алуға болады.

БЖЗҚ салымшылары 1418 қысқа нөмірі бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) байланыс орталығы арқылы кеңес ала алады, сондай-ақ қажет болған жағдайда БЖЗҚ-ның жақын жердегі бөлімшесіне жүгіне алады. Барлық мекенжайлар мен байланыстар Қор сайтында қолжетімді.

Жинақ қай мақсаттарға беріледі

Қазіргі кезде Мемлекет басшысының азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге немесе жеке қаржы компанияларға басқару үшін бөлуге мүмкіндік беру тапсырмасы орындалып жатыр. 2020 жылғы 28 желтоқсанда осы тақырыпта жауапты ведомстолардың өкілдері түсінік берген болатын. Енді Заңға сәйкес 2021 жылдан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аталған мақсаттарда пайдалану құқығы беріліп отыр.

Заңға сәйкес 2021 жылдан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін аталған мақсаттарда пайдалану құқығы берілетін болады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін нақты қажеттіліктерге пайдалану құқығын келесі азаматтар пайдалана алады:

- жұмыс істейтін, тиісті жаста зейнетақы жинақтары «жеткіліктілік шегінен» асатын азаматтар;

- сақтандыру компанияларымен БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде өмір бойы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан адамдар;

- зейнеткерлікке шыққан азаматтар - БЖЗҚ-да қалған зейнетақы қаражатының 50%-ынан аспайтын шекте. Егер олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасына байланысты немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалған табысты халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40%-ға) алмастыруды қамтамасыз еткен жағдайда.

Белгілі бір жастағы салымшы үшін оның табысынан БЖЗҚ-ға алдағы 10% тұрақты зейнетақы жарналарын (ең төменгі жалақыдан аз емес) ескере отырып, ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз болмайтын зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін зейнетақы жинақтарының ең төменгі қажетті сомасы «жеткіліктілік шегі» ретінде қарастырылады. «Жеткіліктілік шегі» әйелдер мен ерлер үшін бірдей белгіленеді және әрбір жас үшін есептеледі. Бұл ретте ол қалыптасқан параметрлерге (кірістілік, инфляция, ең төменгі төлем мөлшері және т. б.) сүйене отырып, жаңа алушылар үшін қайта есептелетін болады.

«Заңда сондай-ақ жоғарыда аталған санаттағы азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін өздері, жұбайлары немесе жақын туыстары (атасы/әжесі, ата-анасы, балалары, немерелері, аға-інісі/апа-сіңлісі) үшін тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында немесе емделуге ақы төлеуге пайдалана алады деп көзделген. Мақсатты пайдалану үшін көрсетілген отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мынадай сандарды келтіруге болады: 761 мыңнан астам адам мерзімінен бұрын пайдалану құқығын қолдана алады, олардың шоттарында 2,4 трлн теңгеден астам қаражат бар.

«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, 2021 жылдың қаңтарында «Отбасы банк» тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы жинағын пайдалануға арналған онлайн-платформаны іске қосады.

«2021 жылдың қаңтар айынан отбасы тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында онлайн-платформаны іске қосу жоспарланған. Жоба ережелеріне сәйкес, клиент өтініш тапсырған кезде сол онлайн-платформада арнайы порталған кіріп, электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы авторизациядан өтіп, жеке кабинетке кіреді. Жеке кабинетте ол қаражатты қандай мақсатта пайдаланатынын таңдайды және сканерден өткізілген көшірмелер түрінде алдын ала дайындалуы тиіс құжаттардың тізімімен танысады. Әр мақсаттың жеке құжаттар тізімі бар», - деп түсіндірді Л. Ибрагимова.

Жинақты ем-домға жұмсаудың тәртібі айқындалды.

«Егер бірыңғай зейнетақы төлемдерінің жеткіліктік шегі ем алуға пайдалануға жеткілікті болса, онда азамат өзінің емханасына барып, біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен ем-дом алуға бағыттау туралы дәрігерлік комиссияның қорытындысын алуы керек», - деді ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева.

Осы орайда ақысы қымбат қызметтердің санатына енген медициналық ем-дом жасау тізімін атады. Олардың арасында орфандық, яғни сирек кезедесін ауруларды емдеу, стоматологиялық қызметтер, реконструктивті әрі қалпына келтіру операциялары (пластикалық), медициналық сауықтыру қамтылған. Сауықтыруға барған азаматтар Қазақстан аумағындағы медициналық ұйымдар мен шипажайларда болады.

Мұнымен қоса, зейнетақы жинағының бір бөлігі есебінен офтальмологиялық қызметтер бағытында пайдалануға болады.

«Бұл тізім тұрғындар арасындағы сұранысқа қарай өзгеруі мүмкін. Өтініш беруші келесі қадамда өзінің қалауы бойынша медициналық ұйымды таңдайды, оның ішінде шетелдік ұйымдар да болуы ықтимал. Азамат ЭЦҚ көмегімен уәкілетті оператордың интернет ресурсында авторизациядан өтіп, өзінің жеке кабинетін аушы тиіс. Жеке кабинетте тиісті сомамен біржолғы зейнетақы төлеміне электронды өтінімді толтырып, дәрігерлік комиссия қорытындысының көшірмесі мен ем-дом жасайтын медициналық ұйыммен шартты белгілеу керек», - деді ол.

Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағын баспанаға жұмсауға арналған онлайн-платформа іске қосылады. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар