Зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға берген салымшы қанша сыйақы алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БЖЗҚ зейнетақы жинағын сенімгерлік басқарудан түсетін табыстың қалай есептелетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Редакцияның сауалына жолданған жауапта сенімгерлік компаниялар салымшының зейнетақы жинағын қандай инвестициялық жобаларға сала алатыны айтылған.

«БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін инвестициялық портфельді басқарушы компания оларды Ұлттық банктің 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидалары мен сенімгерлік басқару компанияларының декларациясы бойынша қаржы құралдарына инвестициялайды. Зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде банк депозитіндегідей сыйақы көзделмеген», - деп жазылған ресми жауапта.

Басқарушы компания салымшының зейнетақы жинақтарын орналастырудан қандай инвестициялық табыс есептегенін enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке кіріп, «қызметтер» бөлімінде жеке зейнетақы шотының үзінді көшірмесінен көруге болады. Салымшы сенімгерлік компанияның әр қадамын бақылап қана қоймай, жылына бір рет сенімгерлік басқару компаниясын ауыстыра алады. Ал жинағын қайтадан БЖЗҚ-ға аудару үшін сенімерлік басқаруға берілген күннен бастап екі жыл күту керек.

«Сенімгерлік компанияда тұрақты қалса, салымшының зейнеткер жасына толуына күнтізбелік 10 күн қалғанда барлық инвестициялық кірістері есептеле отырып, Ұлттық банктің басқаруына қайтарылады. Жинақталған қаржыны салымшы кесте бойынша зейнетақы төлемі ретінде алуына болады. Зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін немесе заңнамада көзделген өзге де мақсаттарға пайдалана алады», - дейді қор өкілдері.


Соңғы жаңалықтар