Жақып Асанов: Мемлекеттік органдар сотта қаралған әрбір екінші істе ұтылып қалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылдың жарты жылдығандағы мәліметтер бойынша Қазақстанда сотта қаралған әрбір екінші істе мемлекеттік органдар ұтылған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған ҚР Жоғарғы сотының төрағасы осындай мәліметтер кетірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғарғы сот төрағасы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс істей бастаған әкімшілік соттардың қызметі туралы мәліметтерді жариялау келе бұрын мемлекеттік органдардың қатысуымен өтетін сот істерінің 85 пайызында меморгандар жеңіп шығатынына назар аударды.

Ол келтірген деректерге қарағанда, өткен жылдың екінші жартысында соттарға 14 мың талап-арыз түскен.

Сондай-ақ былтыр аудандық соттар шығарған 1,2 миллион сот шешімінің 1,4 пайызын немесе 17 мың істі жоғарғы сатыдағы соттар кері қайтарған немесе өзгерткен.




Соңғы жаңалықтар