Жалған ақпарат таратқан мектеп мұғалімі ұсталды

None
None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында Ұзынағаш ауылының екі тұрғынын коронавирус ауруына шалдыққан деп қаусет шығарған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбеталы ауылының 31 жастағы Р. есімді азаматы WhatsApp желісі арқылы жергілікті тұрғындар арасында Қайназар ауылы мен Ұзынағаш ауылында екі адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы аудиожазба таратқан. Бұл ақпарат мессенджердің өзге топтары арасында да тез тарады. Жалған ақпаратты мыңнан астам жергілікті тұрғын таратып үлгергені анықталды.

Жалған ақпаратты таратушы бірден анықталып, ұсталды. Оның Жамбыл ауданы Үмбеталы ауылының 31 жастағы тұрғыны екендігі және жергілікті мектептердің бірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтіні анықталды.

Жауап алу барысында мұғалім әйел өзінің коронавирус туралы ойланбай жалған ақпарат таратқанын толығымен мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 274-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол 3-тен 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар