Жалған шот-фактура берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономикамен күрес жұмысы аясында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша аумақтық департаменті контрагенттер-сатып алушыларды салық төлеуден босату мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

2018-2021 жылдар аралығында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетінен жалпы айналым 2 миллиард теңгеден асқаны, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке 300 миллион теңгеден астам салық түспегені анықталды» делінген хабарламада.

Күдікті үйқамаққа алынды.

Қылмыстық іс аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.


Соңғы жаңалықтар