Жалған жер телімін сатып, 8 млн теңге иемденген шымкенттік алаяқ ұсталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Тұрғынға жалған жер телімін сатып, сегіз миллион теңгесін иемденген шымкенттік алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылдың 1 шілдесінде Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол бейтаныс адам сеніміне кіріп, өзінің жер телімі бар екендігін және оны сататындығы туралы айтып, сегіз миллион теңгесін иемденіп кеткен. Содан қазіргі уақытқа дейін не жер телімін бермей, не ақшасын қайтармай жүрген.

Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді. Ұсталған ер адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар