09:14, 12 Шілде 2020 | GMT +6
Жалғас Жұмағұлов UFC-те өткен алғашқы жекпе-жегінде жеңілді
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Әбу-Дабиде (БАӘ) UFC 251 турнирі өтіп жатыр. Онда қазақстандық файтер Жалгас Жұмағұлов (13-3) бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Жалғасқа қарсы бразилиялық Раулиан Пайва (19-3) шықты. Бұл Жалғастың ірі промоушндегі дебют айқасы. Оның қарсыласы UFC-те бұған дейін үш жекпе-жек өткізіп үлгерген. Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген. Төрешілердің шешімімен Жалғас Жұмағұлов ұтылды.
Осылайша, Жалғас Жұмағұлов UFC турнирін сәтсіз бастады, кәсіби карьерасында төртінші рет жеңілді.
Раулиан Пайва жиырмасыншы рет жеңіске жетті, оның UFC-тағы деңгейі— 2-2.
Фото: sport.inform.kz