+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Жалғас Жұмағұловтың UFC турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды

2020 жылғы 17 қазан 10:07
Бөлісіңіз:
Жалғас Жұмағұловтың UFC турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UFC алаңында сынға түсіп жүрген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғасы Жұмағұловтың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.

Ол - Швецияның өкілі Амир Альбази. Екеуінің айқасы 28 қарашада Американың Невада штаты Лас Вегас қаласындағы UFC APEX кешенінде UFC турнирі аясында өтеді.

Бұған дейін Альбази бұл жекпе-жек жайлы өзінің Instagram парақшасында хабарлаған еді.

Айта кетейік, негізі швед спортшысы бразилиялық Раулиан Пайвамен айқасады деп айтылған болатын. Алайда Пайва жарақат алуына байланысты турнирге қатыспайтын болды.

Естеріңізде болса, Жалғас Жұмағұлов өзінің UFC-дегі дебют жекпе-жегінде дәл осы Раулиан Пайвадан жеңіліп қалған болатын. Оның қарсыласы UFC-де бұған дейін үш кездесу өткізіп үлгерген.

Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген. Төрешілердің шешімімен Жалғас Жұмағұлов ұтылды. Бұл - оның төртінші жеңілісі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT