Жамбыл облыстық әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісуімен ҚР Әділет министрлігі Жауапты хатшысының бұйрығымен Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы болып Ермек Мұхитұлы Алтынбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ермек Алтынбеков 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университетін тәмамдаған. Шеффилд университетінде (Ұлыбритания) Мемлекеттік басқару магистрі бойынша білім алған. Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясының иегері.

«Ол 2003-2010 жылдары Орал қалалық прокуратурасында прокурор көмекшісі және БҚО прокуратурасында бөлім прокуроры, Орталық аумақтық көлік прокуратурасы бөлімінің аға прокуроры және ҚР Бас прокуратурасының басқарма прокуроры қызметтерін атқарған. 2014-2016 жылдары «Самұрық-Қазына« ҰӘҚ АҚ Заң департаментінің аға заңгері болып еңбек етті. 2016 жылдың шілде айынан ҚР ӘМ Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау бойынша департаментінің сарапшысы, 2017 жылдың қазан айынан ҚР ӘМ Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаментінің Ынтымақтастық басқармасының басшысы лауазымында болған.

Сондай-ақ, Ермек Мұхитұлы 2018 жылдың қазан айынан бастап ҚР ӘМ Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.


Соңғы жаңалықтар