Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары тағайындалды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Кеше, 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Қанат Есіркепұлы Мамаев Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Қ.Е. Мамаев 1974 жылы туған. «Әл-Фараби» атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1996 жылы бастады.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Алматы қаласының Алатау, Алмалы, Медеу аудандары прокуроры, Алматы қаласы және Қостанай облысы прокурорларының орынбасары қызметтерін атқарған.

2019 жылдың қыркүйегінен - Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында болды.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілімі 23 жылдан астам.

Соңғы жаңалықтар